Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін. Атырау облысында – көктайғақ, Маңғыстау облысында күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, Жамбыл облысында екпіні күндіз 15-20 м/с, 23-28 м/с жететін жел соғады деп күтілуде.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Қостанай облысының солтүстігінде 40 градус қатты аяз болады.
Оставить комментарий