Талғар ауданының әкімі "пара алды" деген күдікпен ұсталғаны хабарланды

/image/2021/01/24/crop-4_39_280x497_yu.jpg Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

2021 жылғы 24 қаңтарда Алматы облысы жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешевті пара алды деген күдікпен ұстағаны хабарланды. Бұл туралы ақпарат yyedilov телеграм-каналында жарияланды.

Ақпаратқа сай, аудан әкімінен бөлек оның орынбасары Ахмет Әшімахун мен тұрғынүй коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшісі Асқар Шамаев те ұсталған.

Телеграм-каналдағы келесі ақпаратта Серікжан Ерекешев 22 қаңтарда, яғни ұсталғанға дейін 2 күн бұрын қызметінен босатылғаны хабарланды. Алайда баспасөз беттерінде 22 қаңтарда мұндай ақпарат тарамаған.

Серікжан Ерекешев Талғар ауданының әкімі қызметін тек жарты жыл ғана атқарған.

Связанные теги :

Связанные Статьи