Назарбаев Асхат Аймағамбетовті қабылдады

/image/2021/01/25/crop--3_147_1861x2481_125318226000.jpg

Тұңғыш президент, "Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады, деп хабарлады elbasy.kz-тің ресми сайты.

Ресми сайттың ақпаратынша, Аймағамбетов Назараевқа білім және ғылым саласының қазіргі ахуалы туралы баяндады.

Сонымен қатар министр "Nur Otan" партиясының  сайлауалды бағдарламасының ғылымды дамыту мен жастар тәрбиесі бағыттарын жүзеге асыру жоспарлары туралы айтты.

 

 




Оставить комментарий

Связанные Статьи