Президент Тоқаев жылжымайтын мүлікті пайдалануға қатысты заңға қол қойды

/image/2021/01/26/crop-264_4_1181x1575_755603177451488.jpeg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды тіркеуге қатысты заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды" делінген ресми сайттың хабарламасында.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи