Анау жылдары Жапонияда жер сілкінісі болғанда қалған ел «енді қайтпек екен» деп бір дүрліккен болатын. Базбір білгіштер бұл апат енді Жапон экономикасын елу жылға дейін тұралатып кетуі мүмкін деп жарыса жазып жатты. Күн шығыс халқының самурайлық санасы мен камикадзилік ерлігін бағамдай білмеген жүйесіз сөздерге ішімізден бір мырс етіп күлдік те қойдық. Сол Жапонияңыз бүгіндері түк те болмағандай, алапаты артып, күннен күнге қарыштап барады. Ақшулан аралдың ортасында орналасқан мемлекетке бұдан кейін де нендей тыныштық болсын деп мүсіркейтіндерге мынаны ескерткіміз келеді: біз сейсмологиялық тұрғыдан балдық қуаты одан пәленбай есе пәрменді жағдайдың үстінде отырмыз.
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ қасында жер сілкінісі, СУАЙТТЫҚТЫҢ қасында цунами дегеніңіз апат па, тәйірі. Әсіресе, құлдықтың қасында...
Ықылас Ожайұлы