Наурызбай ауданында тағы да лай көшкіні жүрді

/uploads/thumbnail/20170708193543557_small.jpg

Кеше Алматы қаласындағы Наурызбай ауданында тағы да "Алма бақ» қоғамында лай көшкіні жүрді. Бұл туралы «Қамшы» порталы   Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.  

ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, оқиға  2015 жылдың 6 қыркүйегінде таңғы 8:29-да болған.  Лай көшкінінің тағы да орын алуына «Алма бақ» учаскесіндегі топырақтың суарудан шамадан тыс ылғалданғаны себеп болуы мүмкін делінген.  

ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитеттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі көшкінінің жүруінің салдарын жойған. "Қазіргі уақытта көлік және жаяу жүргіншілерге арналған жолдар қалпына келтірілген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Связанные Статьи