Беларусь Президенті бесінші мәрте сайлауға қатысады

/uploads/thumbnail/20170708193545195_small.jpg
Бүгінгі күнге дейін Беларусь Республикасы орталық сайлау комиссиясына ел президенттігіне кандидат ретінде бес үміткердің құжаты тапсырылған. Бұл туралы «Қамшы» порталы белрусиялық  «БЕЛТА» телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Белорусиялық ақпарат құралдарының мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда орталық сайлау комиссиясының тіркеуіне қазіргі ел Президенті Александр Лукашенко мен қатар Татьяна Короткевич, Сергей Гайдукевич, Николай Улахович құжаттар тапсырған. Сондай-ақ, қажетті 10 мың сенімді қолтаңба жинай алмаған Виктор Терещенко да құжат тапсырды. Бұл туралы www.nur.kz сайты жазған болатын.
Тіркеу кезеңіне нақты төрт әлеуетті кандидат тіркелгені қол қою парағын тексеру нәтижелерін жариялағаннан кейін белгілі болды. Александр Лукашенконы қолдап қол қойғандардың саны 1 753 380 (1 761 145 тапсырылған), Николай Улаховичті – 149 819 (159 805 тапсырылған), Сергей Гайдукевичті – 139 877 (141 842 тапсырылған) , Татьяна Короткевичті – 105 278 (107 299 тапсырылған) адам қолдап қол қойған.
Сайлау комиссиясы келесі кезеңде жоғары мемлекеттік орынтаққа үміткерлерді тіркейді, оны ОСК 11 қыркүйекте сайлау алды үгіттеу мен насихаттың толық кезеңін бастау үшін 10 қыркүйекте өткізуді жоспарлауда. БАҚ-қа өз бағдарламаларын жариялағаннан басқа үміткерлердің 14-25 қыркүйек аралығында «Беларусь» арнасынан тегін сөз сөйлеуге мүмкіндіктері бар. Бұдан басқа, үміткерлерге жұмыс күндері 21 қыркүйек – 2 қазан аралығында радиода сөз сөйлеуге уақыт беріледі.
Телепікірсайыс 3 қазанда өтеді.
Беларусь елінде президенттік сайлау 11 қазанға белгіленген.
«Қамшы» сілтейді

Связанные Статьи