Еуропалық одақта бірнеше ірі лаңкестік оқиға орын алуы мүмкін. Ағылшынның Sunday Express газеті ДАИШ-тың 4 мыңнан аса содырының батыс елдеріне босқын ретінде кіріп кеткендігі туралы хабарлады.
ДАИШ агентінің қазіргі уақытта мыңдаған лаңкес Еуропалық одақта жүр және құпия операция дайындап жатыр деп жеткізген. Болжам бойынша, ол топтың қарулы содырлары Түркия шекарасынан өтіп, Еуропадағы елдерге тарап жатыр екен. Лаңкестер жергілікті контрабандашылардың көмегіне сүйеніп, Еуропаға бағыт алған заңсыз босқындардың қатарына кіріп алған көрінеді.