Алматыдағы жол- көлік апатынан алты адам жарақат алды

/uploads/thumbnail/20170708193546875_small.jpg

Алматыдағы жол көлік апатынан алты адам жарақат алды. Бұл туралы «Қамшы» порталы СТВ арнасы "Территория происшествий"  бағдарламасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жол көлік апаты 7-қыркүйекте түнде  «Шаңырақ-2» ықшам ауданында болған.  Оқиға куәгерлерінің айтуынша,  Daewoo және  Audi автокөліктері Жанқожа батыр көшесі бойымен бір бағытта келе жатқан. Audi көлігі көше қиылысынан солға қарай бұрылуға әрекеттенгенде, Daewoo автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Содан көліктер соқтығысқанда, Daewoo көлігі аударылып кеткен.  Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, жол көлік оқиғасынан алты адам жарақат алған.

Қазір жол көлік оқиғасының себептері анықталуда.

Связанные Статьи