Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин алматылықтардың коронавирус инфекциясын қайдан жұқтыратынын айтты.
– КВИ жағдайларын эпидемиологиялық тексеру барысында науқастардың 40%-ы қоғамдық орындарда, 20%-ы қоғамдық көлікте, сондай-ақ 28%-ы отбасыларында жұқтырғаны анықталды. Бұл азаматтар дер кезінде ауруханаға оқшауланбай, туысқандарына қауіп төндірген. Соңғы 3 аптада отбасылық іс-шаралар, той жасау, ас, құдайы тамақ беру көбейген. Одан бөлек қаңтарда ауырғандар арасында кинотеатрлар мен театрларда жұқтырғандар тіркеліп жатыр, – деді Бекшин.
Оставить комментарий