Мамин вакцинаға қатысты әкімдіктерге тапсырма берді

/image/2021/01/28/crop-349_48_1040x1387_4615.jpg

Премьер-министр Асқар Мамин елде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді.

Үкімет басшысы әкімдіктерге вакцинаны сақтау үшін қажетті жабдықтарды сатып алуды аяқтап, егу пункттерінің толық дайындығын 1 ақпанға дейін қамтамасыз етуді тапсырды.

– Вакцина өндірісін қамтамасыз ету және халықты жаппай вакциналауды өткізу – денсаулық сақтау саласындағы Үкіметтің бүгінгі күнгі негізгі міндеті, – деді А. Мамин. 

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, QazCovid-in отандық вакцинасы клиникалық сынақтардың III кезеңінен өтуде (алдын ала тиімділігі – 96%).

"Спутник V" вакцинасының сапасын аттестаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Спутник V-мен" вакциналау 1 ақпанда басталады.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи