Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда блокбекеттер қойылмайтынын айтты.
– Бүгінгі таңда ауруға шалдығу көрсеткіші Алматы қаласының периметрі бойынша блокпосттарды орнатуды, сондай-ақ әуе қатынасын шектеуді талап етпейді. Қолданыстағы шектеу шаралары инфекцияның таралуын болдырмау үшін жеткілікті, – деді ол.