Қазақстан "Орел и Решка" телешоуына ақша төлеген бе?

/image/2021/02/02/crop-19_9_701x1246_maxresdefault.jpg

PROTENGE телеграм-каналы танымдық бағыттағы "Орел и Решка" телешоуына Қазақстан туризмі туралы хабар түсіргені үшін  893 миллион теңге төленгенін хабарлады.

Телеграм-каналда украиналық бағдарлама Қазақстанға Kazakh Tourism миссиясы бойынша ақшаға келгенін жазады.

"Туризм комитетінің сайтында "Алматы және Маңғыстау облыстарында "Орел и Решка. Чудеса света" атты екі шығарылым ұйымдастырылғаны анық жазылған. 2020 жылғы шығын бойынша екжей-тегжейлі есеп жоқ, есесіне жалпы (жобаны) ілгерілету мен цифрландыру бағасы 893 млн теңге немесе 2 миллион доллар екенін көруге болады" делінген телеграм-каналдағы жазбада.

2020 жылғы 8 желтоқсанда және 2021 жылғы 2 қаңтарда бағдарламаның "Южный Казахстан. Орёл и Решка. Чудеса света" және "Западный Казахстан. Орёл и Решка. Чудеса света" түсірілімдері шыққан.
 
"Kazakh Tourism" акционерлік қоғамының баспасөз хатшысы Ернұр Кенжебеков ақпаратты терістеп, өз тараптарынан тек әкімшілік, ұйымдастырушылық көмек көрсетілгенін ғана атап өтті.
Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи