Мәскеудің қалалық Симоновский соты ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға қатысты үкім шығарды.
Сот үкімі бойынша, "Ив Рошер" ісіне байланысты 3, 5 жылға шартты соттау мерзімі колонияда өтеу жазасына ауыстырылды. Навальныйдың үй қамауында бір жыл отырғаны ескеріліп, 2, 5 жылын колонияда өткізеді.
Айта кетейік, шартты мерзімді ауыстыру туралы шешім әлі күшіне енген жоқ. Тараптардың шағымдануына он күн уақыт бар.
Оставить комментарий