Тоқаев ұлттық банк төрағасына бірқатар тапсырма берді

/image/2021/02/03/crop-10_21_923x1231_mycollages-93.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп Ақорда сайты хабарлады.

Досаев мемлекет басшысына биылғы қаңтар айындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы, Ұлттық қордың алтын-валюта резервтері мен активтерінің жай-күйі туралы баяндады.

Сондай-ақ ұлттық банк төрағасы әлемдік экономиканың қалпына қайта келу үрдістері, 2020 жылдың төлем балансын алдын ала бағалау, инфляция мен валюта айырбастау бағамының қазіргі жағдайы жайында ақпарат берді.

Е. Досаев мемлекет басшысының Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалануға мүмкіндігі болуы керектігі жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты.

Президент кездесуде Ұлттық банк басшысына бірқатар тапсырма берді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи