АМЕРИКАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ҚАЗАҚ ОНКОЛОГИЯ ҚЫЗМЕТІНЕ БАҒА БЕРДІ

/uploads/thumbnail/20170708193605672_small.jpg

Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2015 жылдың 1-қаңтарындағы есеп бойынша, 150 436 қазақстандық онкоаурулар бойынша есепте тұр.  Бұл туралы «Қамшы» порталы Қазақ онкология және радиология ҒЗИ баспасөз орталығына сілтеме жасай отырып хабарлайды. 2013 жылы бұл көрсеткіш 146 404 болған еді. Қатерлі дертке шалдыққандар санының көбеюі обырды алғашқы сатысында анықтау мүмкіндігінің артуымен тікелей байланысты. Жыл сайын қатерлі ісіктен  17000 мың адам көз жұмады. Өлім-жітім бойынша онкологиялық аурулар екінші орында тұр.  Демек, отандастарымыздың аталмыш аурудан айығып кетуіне дәрігерлер тарапынан мол ізденіс қажет.

Шетелдік 13 ғалым 2 күн бойы отандық онкология қызметінің құрылымы, қатерлі ісікті ерте сатысында анықтау бағдарламалары және тіркеуге алу, қою жүйесімен танысты. Қонақтар онкоинституттың негізгі бағыттары туралы ақпарат алып, түрлі бөлімдер мен орталықтар жұмысын бақылады. Скрининг бағдарламалары бойынша да өзге қалалық емханаларда болып қайтты. Сапар соңында АҚШ-тан келген делегацияны ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Александр Цой қабылдап, екіжақты келіссөздер жүргізілді.

 «Қамшы» сілтейді

Связанные Статьи