Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 200 мыңнан асты

/image/2021/02/12/crop-6_14_387x689_1589083969_news_b.jpeg

Денсаулық сақтау министрлігі бір тәулікте 951 адамнан коронавирус анықталып, 4 адам қайтыс болғанын хабарлады. Сондай-ақ 12 ақпанда келтірілген деректе 82 адам пневмонияға шалдығып, 1 науқас көз жұмғаны айтылады.

Министрлік таратқан мәлімет бойынша, 24 847 адам короновирус инфекциясынан (15 440 науқас коронавирус, 9 407 пациент коронавирус пневмониясы) емделуде, олардың ішінде 5 372 пациент стационарда, 19 475 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандардың арасында 255 адамның жағдайы ауыр, 53 пациенттің жағдайы өте ауыр, 44 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Коронавируспен тіркелген науқастардың жалпы саны вирус алғаш анықталған 2020 жылғы 13 наурыздан бері бүгінгі күнге дейін 200 мың 44 адамға жетті. Оның ішінде 2630 адам қайтыс болған.

2020 жылғы 1 тамыздан бастап жүргізіліп келе жатқан пневмония статистикасына сай 48 522 адам пневмония жұқтырған. Оның ішінде 592 адам өлген.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи