Танымал блогер EverythingApplePro Макс Вайнбах инсайдерден алған эксклюзив ақпарат негізінде iPhone 13-те қандай функциялар болатынын айтт, деп хабарлады Apple Insider.
Инсайдер мәліметінше, iPhone 13 дисплейінің кадр жиілігі 120 герц болады. Компания iPhone 12-де бұл функциядан бас тартқан еді. Өйткені қуат көп кететін. Ал iPhone 13 дисплейі энергия үнемдейтін LTPO технологиясы бойынша жасалмақ. Сондай-ақ iPhone 13 экранының жоғарғы жағы кішірек, артқы панелі берік болатыны хабарланды.
Смартфонда автоматты астрофотография режимі және портреттік бейненің жаңа режимі болуы мүмкін.
Оставить комментарий