Мамин әкім орынбасарларына қатысты тапсырма берді

/image/2021/02/16/crop-172_31_661x881_d1aa0137612fb8dd48d20f02aa9c3196.jpg

Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин министрліктер мен әкімдіктер жұмысының мақсат-міндетін айтты.

– Жыл енді басталса да, министрліктер мен әкімдіктер жұмысты жандандырып, тиісті шаралар қабылдауы керек және белгіленген мақсаттар мен міндеттерді дәл орындауы қажет, – деді ол.

Сондай-ақ Мамин сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің өңір әкімдері орынбасарларының функционалдық міндеттерін қайта қарау ұсынысын қолдайтынын айтты.

– Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына, өңірлердің әкімдеріне және квазимемлекеттік сектордың басшыларына инвестиция тартуға жауапты орынбасарлардың осы маңызды функцияға баса назар аударуына ықпал етуді тапсырамын, – деді үкімет басшысы.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи