Алматыда полицейлер “L-Капитал” компаниясының басшысын ұстады. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.
Алматы қаласының полиция департаменті тергеу басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, 1962 жылы туған азаматша ұсталған.
Ол Қылмыстық кодекстің 128-бабы (адам саудасы) бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды.
– Аталған компанияның салымшыларының ұжымдық мәлімдемелеріне сәйкес, қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі (Қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын бұрын хабарлаған еді.
Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды. Компанияның кеңселерінде санкцияланған тінтулер жүргізілді. Толықтық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттерінің кешені барысында мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 50 адам жәбірленуші ретінде танылған, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.
Оставить комментарий