Алматы облысында қызметінен кетпек болған әкім орнында қалды

/image/2021/02/17/crop-33_5_280x373_2021-02-17_12-38-20.png

Өз еркімен отставкаға кетпек болған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаев қызметінде қалатыны хабарланды. Бұл туралы аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

"Еңбекшіқазақ ауданының әкімі жұмыстан босатылған жоқ және өз қызметін атқарып жатыр. Қазір жұмыс сапарымен аймақты аралап жүр" делінген хабарламада.

14 ақпан күні Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаев өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеген болатын

Айта кетейік аудан әкімі қызметіне 2020 жылдың 2 шілдесінде тағайындалған.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи