Аймағамбетов Нұртілеу Иманғалиұлының отбасына көңіл айтты

/image/2021/02/17/crop-4_3_382x510_2021-02-17_16-38-27.png

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының өмірден өтуіне байланысты отбасы мен туысқандарына көңіл айтты.

– Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті деген суыт хабар естідік… Саналы ғұмырын қазақ журналистикасына арнаған ағамызбен осы жазда жаңа оқу жылының қарсаңында ашық-жарқын әңгімелескен болатынбыз. Сұхбаттың соңында ризашылығын білдірген ағамыз, “Қайда жүрсеңіз де, асығыңыз алшысынан түссін” деп маған да ақ батасын берген еді.

“Салмақты сөз үйірсе асықтай ғып, бар-жоғы 40 минут, асықпайық“ деп бағдарлама барысында өзекті тақырыптарды қозғап, маңызды мәселелерді жан-жақты талдап, халықтың көкейінде жүрген сауалдарды көтеруші еді.
 
Нұртілеу Иманғалиұлының туған-туыс, жақындарына көңіл айтамын. Қайғыларыңызға ортақпын. Бақұл болыңыз, аға!, – деп көңіл айтты министр әлеуметтік желідегі парақшасында.
 
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі тележүргізуші Нұртілеу Иманғалиұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Оставить комментарий

Связанные Статьи