Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытында ұшып бара жатқан ұшақ шұғыл түрде Алматыға қонды, деп хабарлады Алматы арнасы.
Fly Arystan әуекомпаниясының баспасөз қызметі ұшақтың апатты жағдайда қонуына қолайсыз ауа-райы түрткі болғанын хабарлаған.
2021 жылы 19 ақпанда сағат 08.55-те Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы №7325 ұшағы ауа-райына байланысты Алматы халықаралық әуежайына қонды. Шымкентке ұшу уақыты сағат 10:45-ке ауыстырылды, деп хабарлады компаниядағылар.
Әуе компаниясы ұшақтың қауіпсіз жерге қонғанын айтты. Шұғыл қону жағдайында жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, бірақ олардың айтуынша, ұшақ Алматыға үшінші рет мүмкіндікте ғана қонған.
Оставить комментарий