Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантинді күшейтуге қатысты жаңа қаулысын шығарды.
"Шымкент қаласының аумағында 22 ақпан сағат 00:00-ден бастап 08 наурыз сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын" делінген қаулыда.
Жаңа қаулыға сәйкес:
- 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруіне шектеу қойылады;
- қалада жүргенде маска режимі және 2 метрге дейін әлеуметтік қашықтық сақталады;
- 3 адамнан аспайтын топпен немесе бір отбасы мүшелері боп аулада серуендеуге, саябақтарға, алаңдарға, скверлер мен жағалауларға баруға рұқсат етіледі;
- жұмыс уақытын барынша қысқарту, қызметкерлердің 50%-ын қашықтан жұмыс істеуге көшіру;
- Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін істейді, мереке күндері жабық болады;
- театр, мәдени нысандардың жұмысына (жеке, топтық дайындықтарда бір мезгілде 30 адамнан аспайтындай болса) рұқсат етіледі.
Аталған қаулы 2021 жылдың 22 ақпан сағат 00:00-ден бастап күшйіне енеді.
Оставить комментарий