Жамбыл облысының басшысы Бердібек Сапарбаев кешегі болған қайғылы оқиғаға байланысты әлеуметтік желіде жазба жариялады.
– Бүгін бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға болды. Жаңатастағы үйлердің бірінен өрт шығып, бес бірдей бейкүнә бала ажал құшты.
⠀
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Оқиға орнына облыс прокуроры Н. Әбдіров, Полиция департаментінің басшысы Ж. Сүлейменов, ТЖД басшысы Е. Момбаев аттанды, – дедй әкім.
Облыс басшысы қара жамылған отбасыға қажетті психологиялық, материалдық көмек көрсетіліп, бұл мәселе жеке бақылауында болатынын атап айтты.
– Көз жұмған балалардың жақындарына Алла Тағала сабыр берсін. Қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын, – деп қайғылы оқиға көңіл айтты.
Оставить комментарий