Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаттарының атынан Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында өрт салдарынан қаза тапқан балалардың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтты.
– Тілсіз жаудың салдарынан қаза тапқан бүлдіршіндер туралы суыт хабар барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Зардап шеккен Әбдімәліковтер отбасына, туған-туыстарына орны толмас оқиғаға байланысты барлық депутаттық корпус атынан көңіл айтамын, - дедіНұрлан Нығматулин.
Сондай-ақ, Палата Спикері зардап шеккен отбасыға сабыр мен бекемділік тіледі.
Оставить комментарий