Бір тәулікте елде ПЦР тест арқылы 699 адамнан коронавирус, 13 адамнан пневмония анықталған. 5 науқас коронавирустан, 2 пациент пневмониядан көз жұмған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
22 ақпандағы мәлімет бойынша, 13 679 адам короновирус инфекциясынан, 7 606 адам науқас пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 838 пациент стационарда, 16 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ-ге шалдыққандар арасында 242 адамның жағдайы ауыр, 53 пациенттің жағдайы өте ауыр, 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Статистика сәйкес пневмонияға шалдығу жағдайы едәуір төмендегенін байқауға болады.
Оставить комментарий