Сот Біртановтың үйқамақ мерзімін наурызға дейін ұзартты

/image/2021/02/22/crop-102_17_1045x1394_a8b765ef637fce3045124fe6c4644923.jpg

Нұр-Сұлтан қалалық тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін наурыз айының соңына дейін ұзартты. Бұл туралы Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко хабаралады.

– Тергеу үйқамақ мерзімін 2021 жылдың 12 ақпанында ұзартуды сұрады, сот наурыздың соңына дейін ұзартты, – деді адвокат.

Елжан Біртанов 2020 жылдың 25 маусымында денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған. Экс-министр 3 қарашада аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен ұсталған.

2020 жылдың қарашасында адвокаты Дмитрий Кураченко Біртановтың үйқамақта екенін мәлімдеді.

2021 жылдың қаңтарында Нұр-Сұлтан қалалық тергеу соты экс-министрді үйқамақта болуын ақпанның соңына дейін ұзартқан болатын.

Оставить комментарий

Связанные Статьи