"Ресейге жауап береміз". Ақ үй Кремльге жаңа санкция жарияламақ

/image/2021/02/24/crop-11_7_436x774__117175135_gettyimages-1231220863-594x594.jpg

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкция әзірлеп жатыр, оны алдағы апталарда жариялайды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Дженнифер Псаки хабарлады, деп жазады bbc-дің орыс қызметі.

Қаңтар айының басында АҚШ-тың экс-президенті Трамп әкімшілігі Кремльге SolarWinds деп аталған хакерлік шабуыл мен оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың қамалуына байланысты қатаң шаралар пакетін әзірлеген. Алайда Трамп соңғы сәтте құжатқа қол қоюдан бас тартқан.

– Біз барлау қызметіне жұмысты жалғастыруды және бұрынғы әкімшілік дайындаған тұжырымдарды нақтылауды сұрадық. Жұмыс жалғасуда. Ресейге алдағы апталарда жауап береміз, –  деді Дженнифер Псаки.

Сейсенбіде Washington Post газеті өз дереккөздеріне сүйеніп жақын арада Кремльге қарсы санкциялар енгізілетінін хабарлаған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи