"Құзыретін күшейту керек". Президент әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құрылғанын мәлімдеді

/image/2021/02/25/crop-301_33_981x1307_46368.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтардың әлеуетін арттыру мақсатымен кезінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құрылғанын айтты.

– Мұндай құрылымдар қазір барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейді. Енді әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды толыққанды институтқа айналдыратын кез келді. Өңірлік корпорациялардың жұмысы қоғамның ашық әрі толық бақылауында болуға тиіс. Құзіретіне жатпайтын және маңызы төмен активтерді оның қарамағынан алып тастаған жөн, – деді президент.

Тоқаев осы корпорациялардың қызметін үйлестіру үшін ауқымды жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, Ұлттық экономика министрлігінің аталған мәселеге қатысты құзыретін күшейту керек.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи