Президент Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы кезінде былтырғы жолдауында үкіметке жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырғанын айтты.
– Бұл құжаттың жобасын Реформалар жөніндегі жоғары кеңес алдағы уақытта қарайтын болады. Ауылда, ауданда тұратын әрбір жан өзінің және отбасының болашағына өзі жауапты екенін сезінуге тиіс. Олардың пікірі барынша ескерілуі керек, – деген президент аудан әкімдерін тікелей сайлауды 2024 жылы өткізу керек деп санайтынын жеткізді.
– Осы бастама елімізді демократияландыруға және жергілікті басқару институтын нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін, – деді ол.
Оставить комментарий