Түркістан облысында жекеменшік үйден ыс тиген бес адамның денесі табылды, оның төртеуі кәмелеткеке толмаған. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талған Уәли мәлімдеді.
"2021 жылғы 27 ақпанда сағат 18:35-те Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне "103" қызметінен Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде көршілері 5 адамның, оның ішінде 4 кәмелеттік жасқа толмаған баланың мәйітін тауып алғаны туралы хабарлама түсті. Үй ішінде өрт болғаны байқалмайды. Үйде табиғи газбен жылыту жабдығы орнатылған" делінген хабарламада.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.
"Оқиға орнына ТЖД (6 қызметкер, 2 дана техника), ПД (15 қызметкер және 4 дана техника), жедел медициналық көмек ауруханасы (3 қызметкер және 1 дана техника), "ҚазТрансГаз" АҚ (3 қызметкер және 1 дана техника) қызметкерлері шықты" делінген хабарламада.
Артынша, 5 адам ыс тиіп қайтыс болғаны хабарланды.
Оставить комментарий