2022 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық емес қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін пысықталып жатыр. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен ведомствоның 2020 жылғы қызметінің қорытындысы және 2021 жылға арналған міндеттері бойынша кеңейтілген алқа отырысында айтты.
– Осылайша, 2021 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 320 мың теңге болады. 2023 жылы 561 мың теңгеге дейін жетеді. 2021 жылы орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 173 мың теңге, 2023 жылы 210 мың теңгеге жетеді, – деді А.Цой.
2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе жоғары деңгейге жетеді деп болжанып отыр. Мәселен, 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджетте тиісті шығыстар көзделген. 2021 жылы – 222 млрд теңге, 2022 жылы – 362 млрд теңге, 2023 жылы 557 млрд. теңге.
Сонымен қатар, 2020 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 30%-ға, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 20%-ға өскен.
Оставить комментарий