Шымкент қаласы автобөлшектер базарының аумағында қойма өртке оранды. Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлады.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 1 наурыз сағат 22:52-де Абай ауданы Темірлан тас жолы бойында орналасқан "Тұлпар-Шымкент" ЖШС аумағында өрт шыққан.
Автобөлшектер базарының аумағында орналасқан жалпы көлемі 600 шаршы метрлік қойманың ішінде көлемі 200 шаршы метр аумақтағы автобөлшектер мен аксесуарлар жанған.
Өрт сағат 00:03-те оқшауланып, сағат 01:23-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Оқиға орнында Шымкен қалалық ТЖД-ның жеке құрамындағы 35 адамы мен бес техника жұмыс істеді.
Оставить комментарий