Маңғыстау облысында жергілікті сипатта дамыту бойынша әріптестік туралы 105 мемарандумға қол қойылды

/uploads/thumbnail/20170708193721660_small.jpg

Бұл туралы Маңғыстау облысы кәсіпкерлер Палатасының директоры Жаңбырбай Доспаев ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметі Маңғыстау филиалында өткен брифингте хабарлады. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

“Осы жылдың 8 айы ішінде жалпы құны 309,8 млрд. теңге болатын жергілікті сипатта дамыту бойынша әріптестік туралы 108 мемарандумға қол қойылды. Аталмыш мемарандумдар аясында жалпы құны 287,2 млрд. теңге болатын 315 келісімшарт жасалынды. Бұл мемарандумдар құнының 92,7 % құрайды”, - деп баяндайды Жаңбырбай Доспаев.

Оның баяндауынша, аймақтық кәсіпкерлер палатасының бастамасы бойынша кәсіби дайындығы бар кадрларды дайындау саласында әріптестіктің үш жақты келісімшартына қол қойылды.

“Бүгінгі таңда Маңғыстау облысының 14 колледжі мен 26 кәсіпорны арасында 15 мамандық бойынша кәсіби дайындығы бар кадрларды дайындау саласында әріптестіктің үш жақты келісімшартына қол қойылды. “Кәсіпорын-колледж-студенттің” қатысуын қарастыратын келісімшартқа 402 оқушы қол қойды. Мұнай өндірісі саласы мамандықтары бойынша “Ақтау Мұнай Электрондық Компаниясы” ЖШС мен 3 колледж арасында әріптестік жөнінде мемарандумдар, орта арнайы білім беру мекемелерін қамқорлыққа алу жөніндегі 2 келісімшарт жасалынды.  “Марин Болашақ” ЖШС және “Берекет-Ф” ЖШС ірі кәсіпорындары жанында кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша оқу орталықтары құрылды. Бұдан басқа, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 15 қазанындағы Қаулысымен бекітілген екі жақты білім берудің Жол картасына 6 сала бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын облыстың 10 колледжі енді”, - деп атап көрсетті Жаңбырбай Доспаев.

Сонымен қатар, ол “Бизнес-мектеп” жобасы аясындағы “Бизнес-Кеңесші” жобасы бойынша бизнес-жаттықтырушыларымен тыңдаушылардың 22 тобы білім алғанын хабарлады. Осылайша, 624 адам белгіленген үлгідегі сертификат алды, оның 380-і ауыл тұрғындары. Білім алғандар санының 534 адамы өз ісін ашуды жоспарлауда.

Связанные Статьи