"Екі қыз комада жатыр". Тоқаев тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды

/image/2021/03/04/crop-187_15_689x919_4aaa02e0-c623-4b4c-9de3-3838d09bd706.jpeg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында мас жүргізуші оқушыларды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады.

– Екі қыз ауыр халде ауруханада жатыр. Мемлекет басшысы көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді. Зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетіледі, – деп жазды Берік Уәли.

Бұған дейін 2 наурызда Алматы облысында мас жүргізуші жол шетінде тұрған 8-9 жасар төрт қыз баланы қағып кеткен. хабарланған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған үш бала Шелек аудандық ауруханасына жатқызылған. Төртінші қыз дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне қайтарылды.

– Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторында. Жол-көлік оқиғасына қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 2-бөлігі "Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге алып келген іс-әрекет" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Қажетті сараптамалар тағайындалды, – деп хабарлады Алматы облысы ПД өкілдері.

Дәрігерлер екі қыз комада жатқанын айтады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи