Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы Төлеген Байғұлов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Бұл туралы СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жетекшісінің орынбасары Нұрлан Жахин хабарлады.
– Қайтпас қайсар, патриот, адал жан еді. Бүгін сұмырай COVID-тен қоғам белсендісі, Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы, республикалық Адалдық алаңы кеңесінің жетекшісі, досымыз Төлеген Байғұлов бақилық болды! Жаны жаннатта болсын, – деп жазды Нұрлан Жахин.
Оставить комментарий