Қанат Ислам әлем чемпионымен жекпе-жекке шығуы мүмкін

/image/2021/03/10/crop-94_8_645x860_e4f78721fcfcd835014e2732c3bc715b.jpeg

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам жартылай орта салмақтағы әлем чемпионымен жекпе-жекке шығуы мүмкін. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлады.

Қанат Ислам (28-0, 22 КО) WBC нұсқасы бойынша осы дивизиондағы әлем чемпионы, америкалық Джермалл Чарлоның (31-0, 22 КО) ықтималды қарсыластарының бірі.  

"Джермалл Чарлоның қарсыластарына алғашқы үміткерлер: Масиас Монтель, Андрей Сироткин, Қанат Ислам" делінген хабарламада.

Чарломен чемпиондық титул үшін жұдырықтасуға ең көп мүмкіндікке ие боксшы – РBC платформасында жекпе-жек өткізуде тәжірибесі мол Монтель екенін атап өтілген.

Қанат Ислам рингке таяуда ғана шыққан. 20 ақпанда АҚШ-тың Флорида штатының Майами қаласында өткен айқаста ол жетінші раундта эквадорлық Джейсон Миндуны (14-4-1, 8 КО) нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи