Демалыс күндері Алматыда қандай шектеу шаралары енгізіледі?

/image/2021/03/12/crop-20_11_406x722_photo_2020-03-30_14-31-12-750x422.jpg

13 наурызда Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы күшіне енеді. Ол бойынша жаңа шектеу шаралары енгізіледі.

13, 14 наурыз күндері қоғамдық көлік, оның ішінде метро қызметіне, қалааралық, облысаралық тұрақты автобустар мен микроавтобустардың қатынауына тыйым салынады. 

Тамақтану орындары 50 пайыз сыйымдылықты сақтай отырып, келушілер санын 30 адамнан асырмай 09.00 мен 20.00-ге дейін, сауда үйлеріндегі фудкорлар мен тамақтану орындары өзімен алып кету, жеткізу қызметі арқылы таңғы 10.00-ден түнгі 24.00-ге дейін істейді.

Алдағы сенбі-жексенбіде сауда ойын-сауық орталықтарының, жабық базарлардың, спорт кешендерінің, спорт-сауықтыру орталықтары мен фитнес орталықтардың, сауна, СПА-орталықтардың қызметі тоқтатылады. Сондай-ақ цирк, караоке, түнгі клубтар, букмекерлік конторлар, сауда үйлеріндегі балаларға арналған ойын алаңдары мен батуттар қызметіне, бұқаралық шаралар, жиналыстар өткізуге, жұма намазын оқуға тыйым салынады.

Жексенбі ашық базарлар жұмысы тоқтайды.

Спорттық шаралардың жанкүйерсіз өткізуге рұхсат. Қоғамдық монша қызметі де шектелмейді. 

Ashyq пилоттық жобасына енген бильярд, боулинг, компьютер клубтары, музей мен кітапхана, зообақ қызметін жалғастырады. Шымбұлақ, Көктебе қонақтарды қабылдай береді.

 
Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи