Қытай генералы: Қытай АҚШ-пен сөзсіз соғысады

/image/2021/03/15/crop-6_4_527x1257_maxresdefault-1.jpg

Қытай президенті Си Цзиньпиннен кейінгі қарулы күштерді басқарушы генерал Сю Цилианг Бейжің Вашингтонмен соғысқа дайындық үшін әскери шығындарды көбейткенін жеткізді. 

Ол америкалық саясаттанушы Грэм Т.Эллисонның танымал болған теориясын атады. Теория бойынша, жаһандық жаңа күш бұрынғы үстем күшті ығыстырып шығарған кезде сөзсіз соғыс болады.

Генерал Сю Қытайдың Ұлттық Халық Конгресінің жыл сайынғы жиналысының жанында өткен топтық талқылауда сөйлеген сөзінде Бейжіңнің күшеюі АҚШ-қа қауіп төндіретінін айтты.

– Шекара проблемалары кезінде Бейжің әскери күш әлеуетін арттыруды жеделдетуі керек, – деп ескертті ол Қытай әскери бюросына.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи