Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Наурыз мерекесіне арналған жаңа бейнебаяны жарыққа шықты. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады.
Сайт мәліметінше, бұған дейін 16 қаңтарда әнші "Киелі мекен" әнін DIMASH DIGITAL SHOW онлайн-концертінде шырқаған. Ән сөзінің авторы – Қанат Айтбаев, музыкасын жазған – Ерболат Құдайберген.
"Рок пен халық жанрларын біріктіретін композиция Димаштың жанкүйерлерінің оң бағасына ие болды. Ән мәтінінде отанына және оның халқына деген сүйіспеншілік пен адалдық, сондай-ақ бүгінгі ұрпақтың ұлы ата-бабадан қалған мұрасын кейінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізуге дайын екендігі айтылған" делінген сайт ақпаратында.
Оставить комментарий