Қазақстанның 3 өңірі "қызыл" аймаққа кірді

/image/2021/03/22/crop-76_5_526x701_2021_01_19_qyzyl-ajmaq.jpg

Қазақстанның үш өңірі коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр.

Ақмола, Ақтөбе Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары "сары" аймақта орналасқан. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта.



Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи