Ақтөбеде сәрсенбі күні жол апатынан 4 адам көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 24 наурызда Қандыағаш-Ембі-Шалқар автожолында болған. 40 жастағы LADA Priora жүргізушісі Ембі қаласынан Қандыағаш қаласына қарай келе жатқан. Қандыағаш-Ембі-Шалқар тас жолының 61-ші шақырымында ол алдындағы көлікті басып озамын деп, қарсы беттегі басқа LADA Priora-мен соқтығысқан.
Салдарынан жүргізуші мен 32 жастағы әйел, 14 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды. 3 жасар қыз Ембі қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.
Басқа көліктің жүргізушісі мен 6 жолаушысы Ембі қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды, солардың арасындағы 51 жастағы жолаушы есін жимастан қайтыс болды.
Аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оставить комментарий