Осы апта бойы Ақмола, Қостанай, СҚО облыстарының әкімдері Сергей Кулагин, Нұралы Сәдуақасов және Ерік Сұлтановтар 29 тамыз күні Ақмола облысы Зеренді ауылындағы саунаға бүкіл театр труппасын шақырып, сауна-шоу жасағаны туралы әлеуметтік желілерде қызу талқылау жүрді. Аталмыш облыстың әкімдерінің әрекетіне кеше баспасөз қызметі түсініктеме берген еді. Алайда осы ақпаратты Facebook-тегі жеке парақшасына жазған Дәулет Қуанышбаевқа қысым жасалып жатса керек. Бұл туралы «Қамшы» порталы radiotochka.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Дәулет күштік құрылымдар тарапынан жасалған қысымға қарсы аштық жариялаған.
“Мен кімдермен қарсы шығып отырғанымды білдім және әділетсіздік пен заңсыздықтан шаршадым», – деп жазады Дәулет Facebook-тегі жеке парақшасына.
«Қазір менің отбасыма қысым жасалып отыр. Ақмола облыстық ішкі істер басқармасы Атбасар АІІБ арқылы ағам Серік (түпнұсқада осылай жазылған) Қуаншбаевқа бақылау күшейтілді. Сіздер отбасымның басын қатерге тігіп отырған менен «не ойым барлығын» сұрап отырсыздар. Онсыз да осында көп адамдар біздің әкімдер қандай «мүбәрәк» адам екенін, оның келбеті Қостанайдағы шіркеулердің бірінде ілінгенін айтып жатыр. Солай, оның машинасы әлі сақылдап тұр», – дейді ол жазбасында.
Дәулет Қуанышбаев өзінің сөзін дәлелдейтін аудио-жазба бар екенін де айтып өтіпті. Сонымен қатар Дәулет ол файлды антикоррупциялық медиа орталыққа өткізгенін де жеткізді.
Қуанышбаевтың айтуынша саунадағы қойылым жайлы театр әртістері де бар шындықты жеткізуге дайын екен. Бірақ олардың өз талаптары бар көрінеді. Әртістер мұндай түсініксіз іс-сапарлардың бірінші рет болып отырмағанын, сондықтан күш құрылымдары тарапынан қысым жасалмаса, барлық жайды айтып беруге дайын отырғандықтарын жеткізген.
Дәулеттің Facebook-тегі соңғы жазбасында аштықты тоқтататыны туралы жазылыпты. Ол аталмыш әлеуметтік желідегі достарының бірінің көмегі тигендігін, енді керісінше күш жинау қажеттігін жазыпты.
Нұрай Әлжан
Оставить комментарий