Кеше Қасиетті Мекке қаласында қатты дауыл соғып, құрылыс жүргізіп жатқан кран құлаған. Салдарынан 87 адам қаза тауып, 184-сі түрлі дене жаратын алған. Бұл туралы «Қамшы» порталы lifenews.ru арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Әл-Харам мешітінде болған оқиғаға қатысты Сауд Арабиясының Әлеуметтік қорғау министрі мәлімдеме жасаған. Онда оқиға орын алған сәтте мешітте 800 мыңнан астам қажы болған және күн жұма болғандықтан Қасиетті Қағбаға тәу етушілер де әдеттегіден көп болған.
Қазіргі уақытта әлемнің түкпір-түкпірінен қажылық парызын өтеуге Меккеге келген шетелдік азаматтардың қарасы көп. Ал қанды оқиғадан кейін әр мемлекеттің өкілдері өз жердлестерін түгендеуге кірісіп кеткен.
ҚР Сыртқы істер министрі мәлімдегендей, Меккедеге апаттан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ.
Ал Түркия Сыртқы істер министрлігі қаза тапқандардың арасында 2 Түркия азаматы бар екенін және 19-ы жарақат алғанын хабарлаған.
Айта кетейік, Қасиетті Меккедеге әл-Харам мешітінде екі жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Нұрзат Тоғжан
Оставить комментарий