Жапония тұрғындары жүз жасаудан рекорд орнатты

/uploads/thumbnail/20170708193815033_small.jpg

Биылғы жылы жүз жылдық мерейтойын атап өткен жапондықтардың саны  барлық рекордтарды жаңартты. Жапонияда ұзақ жасаушылар саны 60 мың адамнан асқан.  Бұл туралы «Қамшы» порталы JapanToday-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігі Жапонияда 61 568 ұзақ жасаушы адам тұратынын хабарлап отыр, соның ішінде 87 пайызы – әйелдер.

Өткен жылмен салыстырғанда 100 жастан асқан жапондықтардың саны 2,7 мың адамға көп болды.

Жасы бойынша ең үлкен жапондық азаматша – 1900 жылы дүниеге келді, ал ең ересек жапондық ер адам 1903 жылы дүниеге келген екен, ол жер бетіндегі жасы ең үлкен ер адам  ретінде тіркелген.

Оставить комментарий

Связанные Статьи