Президент Қасым-Жомарт Тоқаев індетті жеңудің жалғыз жолы вакцина салдыру екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Тwitter парақшасында жазды.
– Коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте індетті жеңудің жалғыз жолы вакцина салдыру екенін айттым. Екі ай ішінде Қазақстан халқының 0,1% ғана екпе ектірген.
Үкімет отандық вакцинаны шығару және шет елден әкелу арқылы сәуір айында жағдайды күрт өзгертуге тиіс. Барлық азаматтарымызды вакцина салдыруға шақырамын. Бұл өзіңіздің, ата-аналарыңыз бен жақындарыңыздың сақтығы үшін қажет, – деді президент.
Коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте індетті жеңудің жалғыз жолы вакцина салдыру екенін айттым. Екі ай ішінде Қазақстан халқының 0,1% ғана екпе ектірген.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) April 2, 2021
Оставить комментарий