Өскемендегі Ана мен бала орталығында мекеме электригі лифтке қысылып қайтыс болды, деп хабарлады Noks.kz сайты.
Сайт мәліметінше, аурухана қызметкері лифтке кіріп бара жатқанда есік жабылып қалған.
– Ол қысылып қалып, лифт бірінші және екінші қабаттың арасында тоқтады. Біз қызмет көрсететін компанияға шағымдандық. Қайғылы жағдай бойынша облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті комиссия құрып, істі тексеріп жатыр, – деді орталық директоры Ермек Омарбеков.
Оставить комментарий