Қазақстанда енді электрэнергиясының тарифтері 20 %-ға көтерілуі мүмкін

/uploads/thumbnail/20170708193816065_small.png

Сарапшылар Қазақстандағы доллар бағамының рекордтық деңгейде көтерілуінен кейін электрэнергиясы тарифінің 20 пайызға дейін қымбаттайды деп болжауда. Бұл туралы «Қамшы» порталы 365info.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тау-кен өндірісі және металлургиялық кәсіподақ ассоциациясының мамандары  ҚР Энергетика министрінің мәлімдемесіне қатысты пікірлерін білдіріп, электроэнергия бағасының 20 пайызға көтерілетінін айтады.

Дәл осындай заң жобасы қазір ҚР Мәжілісі қабырғасында талқылануда.

Ассоциация өкілдерінің пікірінше,  тарифтер бағасы 2016 жылдан бастап көтеріле бастайды-мыс.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары 30 пайызға қымбаттаған. Сондай-ақ, жанар жағармайдың бағасы 115 теңгеден 130 теңгеге дейін  қымбаттаған болатын.

Нұрзат Тоғжан

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи