Мамин тапсырмасы: Ай сайын 2 млн адамға вакцина салынуы керек

/image/2021/04/06/crop-218_1_421x561_3b5ddc23-e0ef-48e2-b4cc-34c2233e2440.jpg

Биыл сәуір, мамыр және маусым айларында өңірлерде ай сайын 2 млн адамға вакцина салу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин айтты.

– Қазіргі біздің басты міндетіміз – санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцина салғандардың санын арттыру. Осы бағытта нақты жұмыс ұйымдастырылды. Министрлік вакцинациялау бойынша жоспар әзірледі. Биыл сәуір, мамыр және маусым айлар аралығында өңірлерде ай сайын 2 млн адамға вакцина салу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Қыркүйек айында 10 миллионға жуық адамға вакцина салуды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Содан кейін ұжымдық иммунитеттің жинақтаушы әсері күтіледі, – деді үкімет басшысы.

Сонымен қатар Мамин министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырмалар берді.

– Денсаулық сақтау министрлігіне, әкімдіктерге вакцина алатындардың санын арттыру бойынша іс-шаралар қабылдауды және өңірлерге вакцинациялау жоспарына сәйкес вакцинаны жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырамын.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі медиа-жоспарды жаңартсын және денсаулық сақтау министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп вакцинациялаудың маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізсін, – деді премьер-министр үкімет отырысында.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи